«Оқжетпес» футбол клубының басшысы жергілікті футбол ардагерлерімен кездесті

Өткен демалыс күндері «Оқжетпес» ФК басшысы Юрий Генадьевич Бондаренконың бастамасымен Көкшетау футболының ардагерлері және белсенді жанкүйерлермен кездесу өтті. Ағымдағы жылдың бірінші кездесуінде, клуб директоры ардагерлер қауымына 2021 жылдың маусымында негізгі командаға қойылған мақсаттар, футболшылардың дайындалу барысы мен жергілікті ойыншыларды негізгі командаға тарту туралы баяндады.Сонымен қатар, футбол орталығының дамуы және қыздар командасына, футзал, жастар командаларына қолдау көрсету туралы өзекті сұрақтар талқыға салынды.Кездесудің соңында, екі жақ тарапынан Көкшетау футболына едәуір үлес қосқан белсенді ақсақалдардан тұратын Ардагерлер Кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Юрий Бондаренко, кеңестің басты міндеті бұл арадагерлердің клуб өміріне белсенді араласып, бай өмірлік тәжірибелерін өсіп келе жатқан жас буынға жеткізу екенін белгілеп айтты. Кездесу соңында, ардагерлер жүздесу мен ашық әңгімелесуге мүмкіндік жасаған үшін клуб басшылығына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта клубқа тек сәттілік пен жеңістер тіледі.

«Оқжетпес» ФК баспасөз қызметі

Руководитель ФК «Окжетпес» встретился с ветеранами кокшетауского футбола

В минувшие выходные по инициативе руководителя ФК «Окжетпес» Юрия Генадьевича Бондаренко состоялась встреча с ветеранами кокшетауского футбола и активными фанатами клуба. На первой встрече этого года, директор клуба рассказал ветеранам о поставленной задаче перед основной командой на сезон 2021 года, о подготовке футболистов и вовлечения местных игроков в первую команду. Так же был затронут вопрос о развитий футбольного центра и поддержке женской, футзальной, молодежной команд кокшетауского клуба. По итогам встречи, сторонами было принято решения о созданий Совета Ветеранов из числа активных старейшин, которые в свое время внесли немалый вклад в кокшетауский футбол. Как отметил Юрий Бондаренко, основная цель Совета, это активное участия ветеранов в жизни клуба и передача богатого жизненного опыта подрастающему поколению. В завершения встречи ветераны поблагодарили руководство клуба за встречу и открытый диалог, пожелали клубу успехов и больших побед.

Пресс-служба ФК «Окжетпес»