Футбольный клуб  "Оқжетпес"

«Оқжетпес» футбол командасы үйдегі бірінші матчта 2-0 есебімен жеңіске жетті

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол командасы  2018  жылғы маусымда өткізген бірінші үйдегі матчта  Қызылорданың «Байқоңыр»   командасын  қабылдап   2-0   есебімен    жеңіске жетті. Ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Матчтың екінші кезеңінде «Оқжетпес»  жиі шабуылдап,  60  минуттта  команда капитаны  Алибек  Булешев  есеп ашса, 78 минутта  Санат  Жумаханов  «Байқоңыр»  командасының қақпасына  екінші гол соғып басымдылықты күшейтті.  Бұл  Көкшетау футбол командасының  Қазақстанның  Бірінші Лига Чемпионатының аясында өткізген  үшінші кездесуі. Барлық үш кездесуде «Оқжетпес» командасы жеңіске жетті.